Елімізде балалар үйлеріндегі бала саны екі есеге азайды
30 мамыр, 2025
фото: freepik.com
Соңғы 10 жылда елімізде балалар үйлеріндегі бала саны екі есеге азайды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспанның мәліметінше, жыл сайын Қазақстан азаматтары отбасына 1000-нан астам жетім баланы қабылдайды. Былтыр балалар үйлеріне балама қамтамасыз ететін балаларды қабылдайтын кәсіби отбасы институты енгізілді.
«Жүргiзiлген шаралардың нәтижесiнде балалар үйлерiнде тәрбиеленетiн балалар саны соңғы 10 жылда екi есеге қысқарды», - деді спикер ОКҚ алаңында өткен дөңгелек үстел барысында.
Сонымен қатар, балалар үйінің түлектерін әлеуметтік қолдауға бағытталған «Мейірім» қайырымдылық акциясы еліміздің барлық аумақтарында іске асырылуда. Жетім балаларды тұрғын үймен қамтамасыз етудің жаңа тетіктері енгізілді.
Ұқсас жаңалықтар
7 тамыз, 2026
Елімізде 12 өңірде 1 850 төсек-орынды қамтитын оңалту орталықтарын салу жобасы іске асырылуда
7 тамыз, 2026
Жоғары аудиторлық палата жасырын сауалнамадан өтуге шақырады
6 тамыз, 2026
Жалақы 2 млн-нан 300 мыңға дейін: Электрондық еңбек биржасында 53 мыңнан астам бос жұмыс орны ұсынылды
6 тамыз, 2026
Қолжетімді орта: жыл басынан бері елімізде 600-ден астам нысан тексерістен өтті