Cолтүстік Қазақстанда тұрғын үйден өрт шығып, 5 адам қаза тапты
23 қаңтар, 2025
Фото: ТЖМ
Солтүстік Қазақстан облысында жеке тұрғын үйде болған өрттен қаза тапқандар саны 5 адамға жетті, деп хабарлайды Elordainfo.kz.
Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметіне қарағанда өрт түнде шыққан. Өрт сөндірушілер келген кезде үй толығымен отқа оранып, шатыры мен төбесі құлап, жанған.
"Оқиға орнында екі ересек пен үш баланың денесі табылды, олардың кім екені анықталып жатыр. Өрт оқшауланды. Қызыл жалын 104 шаршы метр аумақты шарпыған", – деп мәлім етті ведомстводан.
Департаменттің психологиялық көмек тобы қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына шұғыл психологиялық көмек көрсетіп жатыр.
Өрттің неден шыққаны анықталу үстінде. Отбасында балалардың анасы бұрын қайтыс болған. Әкесі төрт баласын өзі баққан.
Ұқсас жаңалықтар
2 тамыз, 2026
Баянауыл ұлттық паркінде орман өрті тіркелді
1 тамыз, 2026
Энергетика министрлігі Каспий құбыр консорциумының жұмысына қатысты мәлімдеме жасады
30 шілде, 2026
Астанадағы жол апатынан көлік аударылып, жүргізуші ауруханаға жеткізілді - ВИДЕО
29 шілде, 2026
Алматыда 2 балдық жер сілкінісі тіркелді