Бүгін Астанада ауа райы қандай болады

14 қыркүйек, 2026
Думан Аманжол Думан Аманжол
Бүгін Астанада ауа райы қандай болады
Фото: Оңалхан Өнерхан

Қазгидромет 14 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

Синоптиктердің болжауынша, бүгін Астанада көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Оңтүстік батыстан соққан желдің жылдамдығы 9-14 м/с-ге жетеді. 

Күндіз ауа температурасы +18, +20°C.