Қазгидромет 24 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Elordainfo.kz.
Синоптиктердің болжауынша, бүгін Астанада найзағай ойнап, жаңбыр жауып, бұршақ түседі.
Солтүстік шығыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 9-14 метрге дейін, екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.
Күндіз ауа температурасы +25..+30°С-қа дейін көтеріледі.