Бүгін Астанада ауа райы қандай болады

22 мамыр, 2026
Думан Аманжол Думан Аманжол
Бүгін Астанада ауа райы қандай болады
фото: Оңалхан Өнерхан

Қазгидромет 22 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

Синоптиктердің болжауынша, бүгін Астанада күн ала бұлты, жауын-шашынсыз.

Күндіз ауа температурасы +13,+15°С.

Солтүстік шығыстан соққан желдің жылдамдығы 5-10 м/с.