Болгарияда өтетін Әлем кубогында ел намысын кімдер қорғайды

27 наурыз, 2026
Думан Аманжол Думан Аманжол
Болгарияда өтетін Әлем кубогында ел намысын кімдер қорғайды
Фото: Ұлттық Олимпиадалық комитеті

Болгария астанасы София қаласында көркем гимнастикадан Әлем кубогының кезекті кезеңі өтеді, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ұлттық Олимпиадалық комитетіне сілтеме жасап.

Жарыс 28-30 наурыз аралығында өтеді. 

Халықаралық гимнастика федерациясы турнирге қатысатын спортшылардың тізімін жариялады.

Ресми мәліметке сәйкес, Қазақстан құрамасы сапында Айбота Ертайқызы мен Айым Мейіржанова өнер көрсетеді.

Жалпы жарысқа әлемнің әр елінен 95 спортшы қатысады.

Еске салсақ, Афина қаласында көркем гимнастикадан өткен халықаралық турнирде астаналық спортшылар топ жарды.