Азия ойындарында жүлде алудан қай облыс көш бастады

Азия ойындарында жүлде алудан қай облыс көш бастады
Фото: Никита Басов

Отандық жазғы спорт үшін 2026 жылдың басты додасы саналған Аичи-Нагоядағы жазғы Азия ойындары мәресіне жетті, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

Қазақстан құрамасы құрлықтың басты бәсекесінде 12 алтын, 24 күміс және 48 қола медаль жеңіп алып, 45 елдің арасынан 8-орынға тұрақтады.

Биылғы Азия ойындарына Қазақстаннан рекордтық көрсеткішпен 524 спортшы қатысты. Осыған орай қазақстандық спортшылардың өңірлер бойынша нәтижесіне шолу жасап, қай облыс пен қала көш бастағанын анықтап көрдік.

Ескерту: Рейтинг медальдардың жалпы санына емес, алдымен алтын, одан кейін күміс және қола жүлделердің санына қарай жасалды. Командалық және жұптық жарыстарда жүлде алған спортшылар әртүрлі өңірлердің атынан өнер көрсеткен жағдайда, олардың медальдары тиісті өңірлердің есебіне енгізілді.

1-орын. Ақтөбе облысы

2023 жылы 1 алтын медальмен 7-орын алған.

Спортшылар саны: 20
Медаль саны: 3 алтын, 2 күміс, 1 қола

Қадырбек Шинбаев, Еркінғали Бүркіталин (ММА) – 2 алтын
Ерлік Сертай (семсерлесу) – 1 алтын
Әділет Алмат (дзюдо) – 2 күміс

2-орын. Шығыс Қазақстан облысы

2023 жылы 3 күміс, 6 қола медальмен 8-орын алған.

Спортшылар саны: 30
Медаль саны: 3 алтын, 2 күміс, 4 қола

Вадим Шарлаимов, Руслан Құрбанов, Кирилл Проходов (семсерлесу) – 3 алтын
Кирилл Проходов (семсерлесу) – 1 күміс
Нора Джеруто (жеңіл атлетика) – 1 күміс

3-орын. Шымкент қаласы

2023 жылы 5 алтын, 13 күміс, 12 қола медальмен жалпы есепте 1-орын алған.

Спортшылар саны: 51
Медаль саны: 2 алтын, 3 күміс, 13 қола

Төрехан Сабырхан (бокс) – 1 алтын
Софья Берульцева (каратэ) – 1 алтын
Әділет Нұрғисаұлы (ауыр атлетика) – 1 күміс
Зоя Пискун (стенд ату) – 1 күміс
Марат Байкамуров (дзюдо) – 1 күміс

4-орын. Түркістан облысы

2023 жылы 2 күміс, 2 қола медальмен 10-орын алған.

Спортшылар саны: 32
Медаль саны: 2 алтын, 3 күміс, 1 қола

Владислав Яковлев, Иван Чернухин (академиялық ескек есу) – 2 алтын
Ольга Шмелёва (байдарка мен каноэде ескек есу) – 1 күміс
Әсел Қанай (каратэ) – 1 күміс
Айдар Арапов (дзюдо) – 1 күміс

5-орын. Солтүстік Қазақстан облысы

2023 жылы 1 алтын, 1 күміс, 2 қола медальмен жалпы есепте 5-орын алған.

Спортшылар саны: 11
Медаль саны: 2 алтын, 1 қола

Алексей Луценко (велоспорт) – 2 алтын

6-орын. Астана қаласы

2023 жылы 1 алтын, 3 күміс, 7 қола медальмен жалпы есепте 4-орын алған.

Спортшылар саны: 75
Медаль саны: 1 алтын, 6 күміс, 9 қола

Айбек Оралбай (бокс) – 1 алтын
Су добы – 4 күміс
Мерей Қабдуллаев (джиу-джитсу) – 1 күміс
Адель Садақбаева (стенд ату) – 1 күміс

7-орын. Павлодар облысы

2023 жылы 3 қола медальмен 16-орын алған.

Спортшылар саны: 11
Медаль саны: 1 алтын, 1 күміс, 1 қола

Рината Сұлтанова (велоспорт) – 1 алтын, 1 күміс

8-орын. Батыс Қазақстан облысы

2023 жылы 1 күміс, 2 қола медальмен 13-орын алған.

Спортшылар саны: 10
Медаль саны: 1 алтын, 1 қола

Жоламан Биғабыл (каратэ) – 1 алтын

9-орын. Алматы қаласы

2023 жылы 2 алтын, 3 күміс, 9 қола медальмен жалпы есепте 2-орын алған.

Спортшылар саны: 123
Медаль саны: 12 күміс, 13 қола

Су добы – 6 күміс
Милад Карими (спорттық гимнастика) – 1 күміс
Кристина Морозова (жеңіл атлетика) – 1 күміс
Татьяна Токарницкая (байдарка мен каноэде ескек есу) – 1 күміс
Нұржан Батырбеков (джиу-джитсу) – 1 күміс
Аянат Жұмағали (ауыр атлетика) – 1 күміс
Ғұсман Қырғызбаев (дзюдо) – 1 күміс

10-орын. Жамбыл облысы

2023 жылы 1 күміс, 3 қола медальмен 12-орын алған.

Спортшылар саны: 34
Медаль саны: 6 күміс, 2 қола

Елдос Сметов (дзюдо) – 1 күміс
Абдурашид Абдуллаев (ушу) – 1 күміс
Су добы – 4 күміс

11-орын. Қарағанды облысы

2023 жылы 1 күміс, 5 қола медальмен 11-орын алған.

Спортшылар саны: 43
Медаль саны: 4 күміс, 8 қола

Аделина Земс (жеңіл атлетика) – 1 күміс
Кристина Овчинникова (жеңіл атлетика) – 1 күміс
Эльмира Сыздықова (күрес) – 1 күміс
Аида Тойшыбекова (дзюдо) – 1 күміс

12-орын. Атырау облысы

2023 жылы 1 күміс, 1 қола медальмен 14-орын алған.

Спортшылар саны: 10
Медаль саны: 4 күміс, 1 қола

Абиба Әбужақынова, Дана Абдирова, Эсмигүл Куюлова (дзюдо) – 1 күміс, 1 қола
Су добы – 1 күміс

13-орын. Алматы облысы

2023 жылы 2 алтын, 2 қола медальмен жалпы есепте 3-орын алған.

Спортшылар саны: 25
Медаль саны: 3 күміс, 5 қола

Әсем Орынбай (стенд ату) – 1 күміс, 1 қола
Бақытжан Абдурахманов, Екатерина Токарева (дзюдо) – 2 күміс

14-орын. Абай облысы

2023 жылы қатыспаған.

Спортшылар саны: 4
Медаль саны: 3 күміс

Ажар Асхат (дзюдо) – 2 күміс
Ерасыл Қажыбаев (дзюдо) – 1 күміс

15-орын. Қостанай облысы

2023 жылы 2 қола медальмен 17-орын алған.

Спортшылар саны: 14
Медаль саны: 1 күміс, 1 қола

Алексей Чуркин (ауыр атлетика) – 1 күміс

16-орын. Жетісу облысы

2023 жылы 1 алтын, 1 қола медальмен жалпы есепте 6-орын алған.

Спортшылар саны: 23
Медаль саны: 1 күміс

Евгений Федоров (велоспорт) – 1 күміс

17-орын. Маңғыстау облысы

2023 жылы 1 қола медальмен 18-орын алған.

Спортшылар саны: 4
Медаль саны: 1 күміс

Меруерт Сәрсенова (дзюдо) – 1 күміс

18-орын. Қызылорда облысы

2023 жылы 2 күміс, 4 қола медальмен 9-орын алған.

Спортшылар саны: 13
Медаль саны: 1 қола

Әлішер Айсалбаев (стенд ату) – 1 қола

19-орын. Ақмола облысы

2023 жылы 1 күміс, 1 қола медальмен 15-орын алған.

Спортшылар саны: 25
Медаль саны: 1 қола

Арлан Жанабай (триатлон) – 1 қола

Ұлытау облысы қатыспады.