Әлеуметтік желіде жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) өзгертуге болады деген ақпарат тарады. Осыған байланысты Ішкі істер министрлігі түсініктеме берді, деп хабарлайды Elordainfo.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Ведомство мәліметінше, азаматтар заңнамада белгіленген тәртіппен аты-жөнін және өзге де дербес деректерін өзгертуге құқылы. Бұл үшін уәкілетті мемлекеттік органдарға жүгіну қажет.
«Алайда ІІМ нақтылағандай, ЖСН азаматқа бір рет беріледі және қайта өзгертілмейді», - делінген хабарламада.
Осыған байланысты ІІМ әлеуметтік желілерде тараған ЖСН-ді өзгертуге қатысты ақпараттың шындыққа сәйкес келмейтінін ескертті.
Еске салсақ, Астанада мопед мінген екі жасөспірім ұсталды.