Қазақстандық гимнастар Венгрияда өтетін турнирге қатысады
24 қыркүйек, 2025
Фото: olympic.kz
26-28 қыркүйек аралығында Венгрияның Сомбатхей қаласында спорттық гимнастикадан Challenge кубогының кезеңі өтеді, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Халықаралық гимнастика федерациясы жарысқа қатысатын командалардың алдын ала құрамын жариялады.
Бұл турнирде еліміздің намысын төрт спортшы қорғайды: Милад Карими, Дмитрий Патанин, Роман Мастеров және Диас Тойшыбек жүлде үшін сынға түседі.
Айта кетейік, жуырда ғана Парижде (Франция) өткен кезеңде Нариман Курбанов ат снарядында орындалатын жаттығуда алтын медаль жеңіп алған еді.
Ұқсас жаңалықтар
2 тамыз, 2026
Қазақстандық балуандар күрестен әлем чемпионатында екі алтын медаль жеңіп алды
31 шілде, 2026
Дастан Сәтпаев туралы анимациялық ролик жарық көрді
31 шілде, 2026
Теннистен Билли Джин Кинг кубогына қатысатын ел құрамасы анықталды
31 шілде, 2026
Олимпиада-2028: World Boxing іріктеу турнирлерін өткізетін елдерді анықтады