Қазақстандық балуан әлем чемпионатының қола жүлдесі үшін белдеседі
22 қазан, 2024
Фото: Olympic.kz
Грек-рим күресінен Қазақстан командасының өкілі Бейбіт Қорғанов (97 келіге дейінгі салмақта) Тиранада (Албания) өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпионатының жұбаныш айналымына өтті, деп хабарлады Elordainfo.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап.
1/8 финалда Қорғанов армениялық Хайку Хлоянуға есе жіберген еді.
Жартылай финалдар қорытындысы бойынша Хлояну финалға шығып, Қорғановта жұбаныш айналымына шығу мүмкіндігі туды.
Қазақстандықтың қарсыласы Германиядан келген Антон Вьювег болмақ.
Еске салсақ, жұбаныш айналымы сәтті өтсе, Бейбіт Қорғанов қолаға таласады.
Ұқсас жаңалықтар
20 қыркүйек, 2026
Қазақстан бессайысшылары 16 жылдан кейін Азия ойындарының жүлдесін иеленді
20 қыркүйек, 2026
Каратэші Софья Берульцева Азия ойындарының екі дүркін чемпионы атанды
20 қыркүйек, 2026
Азиаданың үшінші алтыны: Жоламан Биғабыл каратэден Азия ойындарының чемпионы атанды
20 қыркүйек, 2026
Алексей Луценко Қазақстанға Азия ойындарының екінші алтынын әкелді