Қазақстан мен Әзербайжан қорғаныс саласы бойынша бірқатар келісімге келді
4 ақпан, 2025
Фото: Қорғаныс министрлігінен
Қазақстанның Қорғаныс министрлігіне Әзербайжанның әскери делегациясы келді, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Қазақстан қорғаныс ведомствосының басшысы, генерал-полковник Руслан Жақсылықов Әзербайжан Қорғаныс министрінің орынбасары – Бас директор Агиль Гурбанов бастаған шетелдік делегацияны қабылдады.
- Кездесу барысында тараптар қазақ-әзербайжан ынтымақтастығының достық және стратегиялық деңгейін атап өтті. Кездесу қорытындысы бойынша қорғаныс саласындағы ары қарайғы қарым-қатынас бойынша бірқатар келісімдерге қол жеткізілді, - делінген хабарламада.
Ұқсас жаңалықтар
15 наурыз, 2026
«Референдум – 2026» республикалық онлайн марафоны басталды
14 наурыз, 2026
Бас прокуратура заңсыз активтерді қайтару бойынша 2025 жылдың есебін жариялады
14 наурыз, 2026
Қайтарылған активтер бұқаралық спортты дамытуға ықпал етуде – Бас прокуратура
14 наурыз, 2026
Дрондар және жасанды интеллект: құтқарушылар жұмысындағы жаңа мүмкіндіктер