Ауыр атлетикадан Азия чемпионатына қатысатын спортшылар анықталды

Бүгін, 19:03
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Ауыр атлетикадан Азия чемпионатына қатысатын спортшылар анықталды
Фото: AWF

10 мамырда Гандинагар қаласында (Үндістан) ауыр атлетикадан Азия чемпионаты басталады, деп хабарлайды Elordainfo.kz ҚР ҰОК сілтеме жасап.

Аталған байрақты бәсекеде ел намысын төрт спортшы қорғайды.

79 келі: Петр Хребтов

88 келі: Әлібек Рахымберді, Александр Уваров

110 келі: Сұлтан Мейрам

Құрлық біріншілігі 17 мамырға дейін жалғасады.

Еске сала кетейік, 8-10 мамыр күндері Астанадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында төртінші мәрте Qazaqstan Barysy Grand Slam бәсекесі өтеді.