Атырауда 60 гитарашы бір мезетте Табылды Досымовтың әнін шырқады (ВИДЕО)
3 желтоқсан, 2025
видеодан скриншот/Instagram/@saida_foto_videostudio
Өнерпаздардың ерекше орындауы әлеуметтік желіде таралып жатыр, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Атырау облысы Индер ауданында Табылды Досымовтың ескерткішінің алдында 60 гитарашы бір мезетте бард ақынның «Сәйгүлік» әнін шырқады. Іс-шара Табылды Досымовтың 60 жылдығына орай ұйымдастырылды.
Ерекше бастама желі қолданушыларының ыстық ықыласына бөленіп үлгерген.
«Әп-бәрекелді, керемет! Оралдан жалынды қошеметімді жолдаймын» , «Тәрбие көрген, ұлыны ұлықтаған қазақ жігіттері!» , «Керемет өнерлі жер» , «Домбрамен осылай айтқанды көріп жүрміз, гитарадағы әнді хормен айтканды көрмеппін», «Абройларың арта берсін! Табылды әні мәңгі өлмейді. Иманы жолдасы болсын» деп жазды желідегі жұртшылық.
Ұқсас жаңалықтар
Бүгін, 12:50
Астанадағы сайлау учаскелерінде Наурызға арналған мерекелік бағдарламалар ұйымдастырылды
13 наурыз, 2026
Қалибек Қуанышбаев атындағы театрда «Шолпанның күнәсі» драмасының премьерасы өтті
12 наурыз, 2026
Қазақстан Елшісі Тарас Шевченконың 212 жылдығына арналған шараға қатысты
9 наурыз, 2026
Белгілі өнер қайраткерлері «Халықтың Ата заңы» атты әнді бірге шырқады