Қасым-Жомарт Тоқаев жас спортшыларға сәттілік тіледі
18 сәуір, 2025
Фото: akorda.kz
Мемлекет басшысы BS Arena спорт кешеніне барды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Президент көпфункционалды спорт кешенінің қызметімен танысты.
Заманауи құрылғылармен жабдықталған нысанда халықаралық және республикалық спорт жарыстарын, сондай-ақ мәдени-көпшілік іс-шараларды өткізуге болады.

Мұнда волейбол, баскетбол алаңқайлары, футзал, жабық және ашық теннис корттары, бассейн, жекпе-жек түрлері мен фитнеске арналған залдар, сондай-ақ футбол алаңы бар.
Қасым-Жомарт Тоқаев жергілікті спортшылармен әңгімелесіп, оларға сәттілік тіледі.

Ұқсас жаңалықтар
3 мамыр, 2026
Триатлоннан Қазақстан құрамасы Азия кубогында төрт жүлде жеңіп алды
3 мамыр, 2026
Ахмади Маханов Қытайдағы турнирдің чемпионы атанды
2 мамыр, 2026
Әртістік жүзуден Қытайда өткен Әлем кубогы кезеңінде Қазақстан құрамасы тағы үш медаль иеленді
2 мамыр, 2026
Елордада футболдан діни конфессиялар арасындағы турнир басталды