Референдум-2026

Астаналық спортшы 17 жасында әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды

31 шілде, 2026
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Астаналық спортшы 17 жасында әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды
Фото: uww.org

Әзербайжан астанасы Баку қаласында өтіп жатқан 17 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы күрес түрлерінен әлем чемпионатында астаналық спортшы Айша Әбдімәлік күміс жүлдеге ие болды, деп хабарлайды Elordainfo.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Әйелдер күресінен 65 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Астана қаласының спортшысы финалда Моңғолия өкілі Ариунзул Болдбаатармен белдесті. Қарсыласы – 2025 және 2026 жылдардағы U17 Азия чемпионаттарының қола жүлдегері.

Айта кетейік, финалға дейін Айша Әбдімәлік Венгрия, АҚШ, Молдова және Грекия спортшыларын жеңіп, жоғары деңгейдегі шеберлігін көрсетті.

Бұған дейін дзюдодан Азия ойындарына қатысатын спортшылар белгілі болғанын жаздық.