Астаналық дәрігерлер алты айлық баланың өмірін аман алып қалды
4 сәуір, 2025
Фото: Астана қаласы әкімдігінен
Астанада үстіне қайнап тұрған су төгіліп, қатты күйік алған алты айлық сәбидің өмірін №2 көпсалалы қалалық аурухананың дәрігерлері аман алып қалды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Бала қайнаған су құйылған шәйнекті өз үстіне құлатып алған. Нәтижесінде нәресте I-II-IIIA дәрежелі термиялық күйік алды. Денесінің 25%-ы – басы, беті, мойны, кеудесі, іші және аяқ-қолын күйдірген.
«Ауруханаға барар жолда оның жүрегі тоқтап қалды, бірақ дәрігерлер оны қалпына келтірді.
Келесі кезекте мамандар күйікке қарсы қарқынды терапия жүргізді. Мамандардың келісілген жұмысы мен нәрестенің төзімділігінің арқасында жағдайы тұрақтанды», - делінген хабарламада.
Қазір баланың жағдайы қанағаттанарлық, оны шығаруға дайындалып жатыр.
Ұқсас жаңалықтар
28 сәуір, 2026
Елордалық оқушы Еуропалық математикалық олимпиадада жеңімпаз атанды
28 сәуір, 2026
Астаналық оқушы әр қазақстандықтың қанша су тұтынатынын есептейтін платформа әзірледі
27 сәуір, 2026
Астаналық оқушылар Ұлыбританиядағы халықаралық чемпионатта топ жарды
27 сәуір, 2026
Елордалық джиу-джитсу шеберлері Францияда топ жарды