Референдум-2026

Астанадан басталған #АбайМұрасы видеочелленджі өңірлерге жол тартты

Бүгін, 13:21
Думан Аманжол Думан Аманжол
Астанадан басталған #АбайМұрасы видеочелленджі өңірлерге жол тартты
Коллаж: Elordainfo.kz

Астана қаласының «Астана жастары» Жастар ресурстық орталығы Абай күніне орай Instagram әлеуметтік желісінде #АбайМұрасы атты республикалық видеочеллендж бастады, деп хабарлайды Elordainfo.kz елорда әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.

Аталған челлендж ұлы ақын Абай Құнанбайұлының әдеби мұрасын дәріптеу, жастардың рухани-мәдени құндылықтарға қызығушылығын арттыру және ұлттық мәдениетті насихаттау мақсатында ұйымдастырылды. Видеочеллендж еліміздің барлық өңіріндегі жастар ресурстық орталықтарына жолданды.

«Қазіргі уақытта бастама Алматы, Шымкент, Павлодар және Талдықорған қалаларының, сондай-ақ Жетісу облысының жастар ресурстық орталықтары тарапынан қолдау тауып, республиканың өзге де өңірлеріне кеңінен таралып жатыр» , - деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі.

Еске салсақ, Астаналық ұстаздар Абай әндерін орындап, тағылымды челлендж бастады.