Референдум-2026

Астанадағы ескі вокзал асханасының төбесі опырылды

Бүгін, 17:05
Думан Аманжол Думан Аманжол
Астанадағы ескі вокзал асханасының төбесі опырылды
Фото: Қазақстан теміржолшысы

Әлеуметтік желіде Астананың ескі вокзалындағы асхананың төбесі жартылай опырылғаны туралы видео шықты, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының мәліметінше 28 маусым, таңғы сағат 05:35 шамасында Астана вокзалының аумағындағы «Ертас» ЖШС қоғамдық тамақтану пунктінің үй-жайында төбе жабыны құлаған. 

«Вокзалдың медициналық пунктіне қоғамдық тамақтану пунктінен екі келуші жүгінді. Оларға алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Келушілер жедел медициналық жәрдем бригадасын шақырудан бас тартты», делінеді хабарламада.

Аталмыш оқиға бойынша Астана вокзалы бастығының кезекші көмекшісімен тиісті акт жасалды. Айта кетейік, төбесі жартылай құлаған асхананың үй-жайы «Ертас» ЖШС жеке меншігі, ол ескі теміржол вокзалы ғимаратының бір бөлігінде орналасқан.

«Ғимараттың бұл бөлігі 2002 жылдан бастап жалпы ауданы 2371 ш.м. ғимараттың бір бөлігін сатып алу-сату шарты негізінде «Ертас» ЖШС тиесілі, мүлікті жеке меншікке беруге байланысты ол «ҚТЖ» ҰК» АҚ технологиялық процесінде пайдаланылмайды және Компанияның осы объектіге билік етуге құқығы жоқ», деп хабаралады ҚТЖ баспасөз қызметі.

Еске салсақ, Қазалы теміржол вокзалы жаңартудан кейін қайта ашылды.