Референдум-2026

Астанада ұлттық қолөнер мектебіне қатысуға өтінім қабылдау басталды

15 шілде, 2026
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Астанада ұлттық қолөнер мектебіне қатысуға өтінім қабылдау басталды
Фото: Оңалхан Өнерхан

Астанада 8-20 жас аралығындағы балалар мен жастарға арналған «Ұлттық қолөнер мектебі» жобасына қатысуға өтінім қабылдау жүріп жатыр, деп хабарлайды Elordainfo.kz Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасап.

Жоба аясында қатысушылар ұлттық қолөнердің 10 бағыты бойынша тәжірибелі шеберлерден тегін білім алады.

Оқу сабақтары 27 шілдеде Qazaq Creative шығармашылық алаңында басталады.

Жобаға қатысу тегін. Сондай-ақ оқу барысында қажетті барлық материалдар мен құрал-жабдықтар ұйымдастырушылар тарапынан қамтамасыз етіледі.

Өтінімді мына сілтеме арқылы беруге болады.