Референдум-2026

Астанада тұрғын үйдегі өрт сөндірілді – ВИДЕО

Бүгін, 17:26
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Астанада тұрғын үйдегі өрт сөндірілді – ВИДЕО
Фото: видеодан скрин/ТЖМ

Астанада «Сарыарқа» ауданында бес қабатты тұрғын үй шатырының ағаш торламасы өртенді, деп хабарлайды Elordainfo.kz ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Төтенше жағдайлар министрлігі қызметкерлері оқиға орнына жедел жетті.

«ТЖМ күштері өрттің одан әрі таралуына жол бермеді.

Өрт толығымен сөндірілді.

Зардап шеккендер жоқ», - делінген хабарламада.

Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтарды өрт қауіпсіздігі қағидаларын қатаң сақтауға шақырады.

Еске сала кетейік, Астанада мас күйінде электр мотоциклін басқарған жүргізушіге 140 АЕК айыппұл салынды.