Елордада Шыңғыс Айтматов көшесінің Ұлы дала даңғылынан Жұбан Молдағалиев көшесіне дейінгі учаскесінде жөндеу жұмысы жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Elordainfo.kz қала әкімдігіне сілтеме жасап.
15-18 мамыр аралығында аталған учаскеде көлік қозғалысы ішінара жабылады. Ал көшедегі қозғалыс екі бағытта жолдың бір жағымен ұйымдастырылады.
Қала әкімдігі жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден баратын бағытын алдын ала жоспарлауды және қозғалысты ұйымдастырудағы ықтимал өзгерістерді ескеруді сұрайды.

Еске сала кетсек, Астанада алты автобустың қозғалыс бағыты өзгерді.