Астанада Н.Тілендиев даңғылының учаскесінде көлік қозғалысы ішінара жабылады, деп хабарлайды Elordainfo.kz қала әкімдігіне сілтеме жасап.
Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы 2 мен 9 мамыр аралығында Н. Тілендиев даңғылының Сарыарқа даңғылынан К. Күмісбеков көшесіне дейінгі учаскесінде орташа жөндеу жұмыстары жүргізілетіні туралы хабардар етеді. Осы уақытта көлік қозғалысы екі бағытта бір жағынан кезең-кезеңімен ұйымдастырылады.
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден маршрутты алдын ала жоспарлауды және қозғалысты ұйымдастырудағы өзгерістерді ескеруді сұрайды.