Астанада «Мерейлі отбасы–2025» байқауының жеңімпаздары дауыс берді

Бүгін, 16:48
Думан Аманжол Думан Аманжол
Астанада «Мерейлі отбасы–2025» байқауының жеңімпаздары дауыс берді
Фото: Байқоңыр ауданы әкімінің баспасөз қызметі

25 жылдан астам уақыт бірге өмір сүріп келе жатқан ерлі-зайыпты Айтхожиндер балаларымен №51 учаскеде дауыс берді, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

Айтхожиндер отбасы өзара қолдау, үлкенге құрмет, еңбекқорлық сияқты құндылықты берік ұстанып келеді. Сондай-ақ олар балалар тәрбиесіне, ұлттық дәстүрлерді сақтауға және отбасы мүшелерінің бірге уақыт өткізуіне ерекше мән береді.

Көпбалалы отбасы мүшелері референдум күні учаскеге түгел келіп, азаматтық ұстанымын білдірді.

«Отандастарымды референдум күнімен құттықтаймын. Біз бүгін көпбалалы отбасымызбен дауыс беруге келдік. Себебі бүгін әркімнің дауысы маңызды. Балалар – біздің болашағымыз. Олардың болашағы жарқын болады деп сенемін. Елімізде тыныштық, бейбітшілік болсын. Барша қазақстандықтарды дауыс беруге шақырамын», – деді отбасының анасы Айнаш Жүнісова.

Ал отағасы Сайран Айтхожин: «Менің ойымша, әрбір дауыс маңызды», – деп қысқа да нұсқа пікір білдірді.