Астанада М.Жұмабаев даңғылының учаскесіне орташа жөндеу жүргізіледі
8 мамыр, 2025
Фото: Оңалхан Өнерхан
Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Балқантау көшесінен Б.Момышұлы даңғылына дейінгі учаскеде М. Жұмабаев даңғылына орташа жөндеу жүргізеді, деп хабарлады Elordainfo.kz Астана қаласы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
«Осыған байланысты, 9-19 мамыр аралығында аталған учаскеде қозғалыс ішінара жабылатын болады. Осы уақытта көлік құралдарының қозғалысы екі бағытта бір жағынан кезең-кезеңімен ұйымдастырылады», - делінген хабарламада.
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы және ықтимал өзгерістерді ескеруі қажет. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады.
Ұқсас жаңалықтар
Бүгін, 18:11
Кәсіби мереке күні Астананың 100 мейірбикесі AMANAT партиясының қатарына қосылды
Бүгін, 16:58
Баспасөз туры: Астанадағы LRT жүйесінің барлық стансалары мен пойыздары тексерілді
Бүгін, 16:44
Астаналық зейнеткерлерге интернет-алаяқтардан қорғану жолдары түсіндірілді
Бүгін, 16:31
PGL Astana 2026: Елордаға Counter-Strike чемпиондары келеді