Астанада көктайғақ салдарынан ер адамның қаза тапқаны туралы ақпарат шындыққа жанаспайды
30 желтоқсан, 2025
Фото: Оңалхан Өнерхан
Көктайғақ салдарынан ер адамның тайып құлап, қаза тапқаны туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Бұл туралы Астана қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мәлімдеді, деп хабарлайды Elordainfo.kz.
«А 108 көшесі, 20-үй маңындағы автобус аялдамасында ес-түссіз жатқан ер адам табылған.
Жедел жәрдем бригадасы биологиялық өлімді тіркеді.
Мәйіт полиция қызметкерлеріне тапсырылды», - делінген хабарламада.
Айта кетейік, елордада ауа райы күрт нашарлап, көктайғақ орнады. Осыған байланысты Астана қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының штаттан тыс бас травматологы Алексей Солод тұрғындарды сақтық шараларын қатаң сақтауға және көшеде жүргенде ерекше сақ болуға шақырды.
Ұқсас жаңалықтар
14 наурыз, 2026
Астанада жедел жәрдем фельдшеріне шабуыл жасаған ер адам қамалды – ВИДЕО
13 наурыз, 2026
Елімізде жыл басынан бері заңсыз айналымнан 580 қару тәркіленді
12 наурыз, 2026
Астанада көпқабатты үйден өрт шығып, 11 адам эвакуацияланды
12 наурыз, 2026
ШҚО-да жол саласындағы мекемеде жұмыста жоқ адамға жалақы төленіп келген