Референдум-2026

Астанада алимент қарызы бар борышкерлердің 15 көлігі айыптұраққа қойылды

31 шілде, 2026
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Астанада алимент қарызы бар борышкерлердің 15 көлігі айыптұраққа қойылды
Фото: видеодан скрин/prokuratura.ast

Астана қаласы «Нұра» ауданының прокуратурасы алимент өндіру туралы атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз етуге бағытталған рейдтік іс-шаралар өткізді, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

Жедел басқару орталығымен бірлесіп алимент бойынша берешегі бар борышкерлердің көлік құралдарын анықтау және ұстау жұмыстары жүргізілуде.

«Барлығы алимент төлеу жөніндегі міндеттерін орындаудан жалтарып жүрген борышкерлерге тиесілі 15 автокөлік құралы ұсталды.

Барлық автокөлік арнайы айыппұл тұрағына қойылды», - делінген хабарламада.

Аудан прокуратурасы алиментті уақтылы төлеу әрбір ата-ананың заңмен белгіленген міндеті екенін еске салады. Алимент төлеу жөніндегі міндеттемелерді орындаудан жалтару Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жауаптылыққа әкеп соғады.

Еске сала кетейік, елорда прокуратурасы азаматтарды дропперге айналудан сақтандырды.