Астанада Қызылорда және Атырау облыстарының жәрмеңкесі өтеді
Астанада 19-20 қыркүйек күндері өңірлердің қатысуымен ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің сериясы басталады. Алғашқы болып Қызылорда және Атырау облыстары өз өнімдерін ұсынады. Елорда тұрғындары мен қонақтары ет, балық, сүт өнімдері, көкөніс, жеміс-жидек, азық-түлік және басқа да тауарларды отандық өндірушілер мен фермерлерден тікелей сатып ала алады, деп хабарлайды Elordainfo.kz елорда әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.
Жәрмеңке сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін «Қазанат» ипподромының автотұрағында өтеді. Мекенжайы: Қарқаралы тасжолы, 1.
Жәрмеңке өтетін жерге №18, 37 және 303 автобустармен баруға болады.
Өңірлік жәрмеңкелер Астанада 25 қазанға дейін әр демалыс сайын ұйымдастырылады.
26-27 қыркүйекте Абай, Алматы және Маңғыстау облыстарының өнімдері ұсынылады. 3-4 қазанда – Шығыс Қазақстан және Ақтөбе облыстары, 10-11 қазанда – Түркістан және Батыс Қазақстан облыстары, 17-18 қазанда – Солтүстік Қазақстан, Павлодар және Ұлытау облыстары, 24-25 қазанда Қарағанды және Қостанай облыстары өз өнімдерін жәрмеңкеге шығарады.
Еске слаа кетсек, өткен апта картоп, пияз және қырыққабат бағасы төмендеді.