«Астана – Қорғалжын» тасжолындағы жол апатынан бес адам қаза тапты

Бүгін, 10:00
Думан Аманжол Думан Аманжол
«Астана – Қорғалжын» тасжолындағы жол апатынан бес адам қаза тапты
Фото: magnific.com

Ақмола облысында жол апатынан бес адам қаза тапты, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ақмола облысы полиция департаментіне сілтеме жасап.

21 маусым күні «Астана – Қорғалжын» автожолында Kia, Toyota Fortuner және Toyota Land Cruiser автокөліктерінің қатысуымен жол апаты болды.

Соқтығыс салдарынан Toyota маркалы екі көлік өртеніп кеткен.

Алдын ала мәлімет бойынша, жол апатының салдарынан бес адам қаза тауып, тағы бес адам түрлі дене жарақаттарымен медициналық мекемелерге жеткізілді.

«Қазіргі уақытта аталған оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр», деп хабарлады Ақмола облысы полиция департаменті.

Еске салсақ, Түркістан облысында теміржолға шыққан 5 жасар баланы пойыз қағып кете жаздады.