Астана мектебінде сайлаушыларға арнап жәрмеңке ұйымдастырылды

Астана мектебінде сайлаушыларға арнап жәрмеңке ұйымдастырылды
Фото: Әлия Алауханова

Астана қаласында Әлихан Ермеков атындағы №38 мектеп-лицейінде республикалық референдум қарсаңында дауыс берушілер үшін жәрмеңке ұйымдастырылды, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

«Біздің №23 сайлау учаскемізге келушілер өте белсенді. Сондықтан тұрғындарға тамақтану жағын да қарастырдық. Бұл жәрмеңке референдумға дауыс беруге келген азаматтарға арнайы жасалды. Мұндағы ас-тағамдардағы бағалар қолжетімді, барынша жағдай жасауға тырыстық», — деді мектеп директорының бейіндеп оқыту ісі жөніндегі орынбасары Қамар Бірлесова.

Айта кетейік, №23 сайлау учаскесінде 2 863 адам тіркелген.