АШМ: 11,1 млн тонна астық пен ұн экспортталды

АШМ: 11,1 млн тонна астық пен ұн экспортталды
Фото: АШМ

Өзбекстан, Қырғызстан, Ауғанстан және Түрікменстанға астық экспорты өсті, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ауыл шаруашылығы министрлігіне сілтеме жасап.

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының мәліметінше, 2025 жылғы қыркүйектен 2026 жылғы сәуірге дейінгі Қазақстан 11,1 млн тонна астық және астық баламасындағы ұн экспорттады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 13%-ға артық.

Министрліктің түсіндіруінше, экспорт көлемінің ұлғаюы дәстүрлі нарықтардағы ауыл шаруашылығы өніміне деген тұрақты сұранысқа, сондай-ақ тиімді логистика мен саланы мемлекеттік қолдау шарасына байланысты.

Негізгі бағыттар бойынша жеткізілімнің айтарлықтай өсуі байқалды.

«Атап айтқанда, Өзбекстанға астық экспорты 13,8%-ға өсіп, 8,2 млн тоннадан 9,3 млн тоннаға жетті. Қырғызстанға экспорт 1,6 есеге артып, 278 мың тоннадан 440 мың тоннаға дейін ұлғайды. Ауғанстанға жеткізілімдер 51%-ға өсіп, 1,2 млн тоннадан 1,8 млн тоннаға жетті. Түрікменстанға экспорт 1,5 есеге артып, 123 мың тоннадан 183 мың тоннаға дейін көбейді», делінген хабарламада.

Еске сала кетсек, Қытайға ұн жеткізу көлемі екі есеге артты.