Ақмола облысында «Шөптікөл» бөгеті бұзылып, қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр

Ақмола облысында «Шөптікөл» бөгеті бұзылып, қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр
Фото: ТЖМ

Қорғалжын ауданында «Шөптікөл» бөгетін қарғын су бұзып кетті, деп хабарлайды Elordainfo.kz ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Гидротехникалық нысан Сабынды ауылынан солтүстікке қарай 2 шақырым жерде орналасқан. Оқиға орнында суды қауіпсіз өткізу бойынша жедел жұмыстар жүргізілуде.

Салдарды жоюға ТЖМ, жергілікті атқарушы органдар, аудандық полиция бөлімі және жол қызметтерінің күштері мен құралдары жұмылдырылған.

«Жалпы саны шамамен 170 адам және 43 техника тартылған. Бөгетті нығайту, инертті материалдар төгу және суды бұру жұмыстары жүргізілуде. Жағдай ТЖМ-ның тұрақты бақылауында», делінген хабарламада.

Бұған дейін «Астана» өңірлік қолбасшылығының 150 әскериі бөгеттерді нығайтып жатқанын жазғанбыз.