«Астана» өңірлік қолбасшылығының 150 әскериі бөгеттерді нығайтып жатыр

«Астана» өңірлік қолбасшылығының 150 әскериі бөгеттерді нығайтып жатыр
Фото: Қорғаныс министрлігі

«Астана» өңірлік қолбасшылығының 150 әскери қызметшісі жергілікті атқарушы органдар мен тұрғындарға су тасқынына қарсы шараларға көмек көрсетіп жатыр, деп хабарлайды Elordainfo.kz Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қауіпті учаскелерде тәуліктік кезекшілік ұйымдастырылып, бірлескен жұмыстар күшейтілген режимде жүргізіліп жатыр. Тұрғын үйлер мен инфрақұрылым нысандарын су басып қалмау үшін инженерлік және профилактикалық шаралары кешенді түрде жүзеге асырылуда.

99265 және 99260 әскери бөлімдерінің сарбаздары инертті материалдар салынған қапшықтар төсеп, бөгеттерді нығайтып жатыр. Сондай-ақ су ағатын арналарды қар мен мұздан тазалау жұмыстары жүргізілуде.

Ақмола, Қостанай облыстарының аумақтық қорғаныс бригадаларының күшімен 13 тұрғын үйдің ауласы қардан тазартылды. Ал бөгеттерге 3 мыңнан астам қапшық төселді.

«Азаматтық қызметтермен бірлескен өзара іс-қимылы жергілікті тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», – делінген хабарламада.

Бұған дейін Елде су тасқынының алдын алу жұмыстары қалай жүріп жатқанын жазған едік.