Алаяқтыққа қатысы бар қазақстандық Түркиядан елге жеткізілді - ІІМ

Алаяқтыққа қатысы бар қазақстандық Түркиядан елге жеткізілді - ІІМ
Фото: ІІМ видеосының скрині

Алаяқтық жасады деген күдікпен халықаралық іздеуде жүрген ер адам Түркиядан депортацияланды, деп хабарлайды Elordainfo.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Іздеуде жүрген ер адам Қазақстан ІІМ Интерпол Ұлттық орталық бюросының сұрауы бойынша Түркияның Самсун қаласында ұсталған. Оны Қазақстанға қайтаруды ұйымдастыруда ҚР ІІМ-нің Түркиядағы өкілі мен Қазақстанның Түркіиядағы елшілігі елеулі көмек көрсетті.

Тергеу мәліметі бойынша күдікті 2024 жылдың қыркүйек-желтоқсан айлары аралығында ақпараттық жүйелер мен Instagram-дағы аккаунтын пайдаланып, Атырау қаласының екі тұрғынының үш миллион теңгеден астам қаражатын алдап иемденген.

Күдікті Алматы қаласы полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Еске сала кетсек, 20 жыл қашып жүрген павлодарлық Ресейден экстрадицияланды. Ол қарақшылық шабуылға қатысы бар күдіктелген.