«Әділетті және прогрессивті Қазақстанның халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясы аясында ҚР Әділет министрлігінің ұжымымен кездесу өтті, деп хабарлады Elordainfo.kz Әділет министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Іс-шара барысында жаңа конституциялық реформалардың негізгі бағыттары мен енгізілген өзгерістер туралы айтылды.
Кездесуге ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Снежанна Имашева, сондай-ақ партия мүшелері Венера Жексембекова, Мария Өтебаева мен Шыңғыс Түсіпбаев қатысты.
Бұған дейін Астанадағы Ұлттық академиялық кітапханада жаңа Конституция жобасы талқыланғанын жаздық.