Әділет Алмат дзюдодан Азия чемпионы атанды

17 сәуір, 2026
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Әділет Алмат дзюдодан Азия чемпионы атанды
Фото: olympic.kz

Дзюдодан Қазақстан ерлер құрамасының өкілі Әділет Алмат Ордоста (Қытай) өтіп жатқан Азия чемпионатында топ жарды, деп хабарлайды Elordainfo.kz ҚР ҰОК сілтеме жасап.

Қазақстандық дзюдошы 81 келіге дейінгі салмақтың ақтық сынында тәжікстандық Сомон Махмадбековті жеңді. 

Осылайша Әділет Алмат Азия чемпионатын алтын медальмен аяқтады.

Айта кетейік, ұлттық құрама қоржынында үш жүлде бар. Бұған дейін Абылайхан Жұбаназар (81 келіге дейін) және Эсмигүл Куюлова (63 келіге дейін) қола медаль алған еді.