Референдум-2026

Абайдың білімге, еңбекке үндеген тағылымы қоғам үшін айрықша мәнге ие - Ерлан Каналимов

Бүгін, 11:05
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
Абайдың білімге, еңбекке үндеген тағылымы қоғам үшін айрықша мәнге ие - Ерлан Каналимов
Фото: Ерлан Каналимов/Facebook

«Креативті индустрияларды дамыту қоры» корпоративтік қоры Басқарушы кеңесінің төрағасы Ерлан Каналимов әлеуметтік желіде халқымызды Абай күнімен құттықтап, Абай мұраларын кейінгі ұрпаққа жеткізудің маңызы туралы пікірін айтты, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

«Абай күні құтты болсын!

Абай мұрасы – ұлт руханиятының биік тұғыры, ой мен өнердің сарқылмас қайнар көзі. Ұлы ойшылдың білімге, еңбекке, ізденіске үндеген тағылымы бүгінгі жасампаз қоғам үшін де айрықша мәнге ие.

Абайдың сөзі әдебиет пен мәдениет аясынан асып, жаңа буынның шығармашылығына, тың идеялар мен заманауи өнерге жол ашатын рухани негізге айналды. Бүгінгі креативті ұрпақ ұлттық мұраны жаңаша танытып, қазақ мәдениетінің үнін әлемге жеткізіп келеді.

Біздің міндетіміз – Абайдан қалған асыл мұраны дәріптеп қана қоймай, оны жаңа заманның шығармашылық тілімен сабақтастырып, келер ұрпаққа жеткізу.

Ұлы Абайдың ойы ұлтқа бағдар, сөзі ұрпаққа аманат болып қала берсін!», - деп жазды Е.Каналимов. 

Еске салайық, бұған дейін Мемлекет басшысы Абай күнімен құттықтағаны туралы жаздық.