Ақтау маңында ұшақ құлады
25 желтоқсан, 2024
Фото: ТЖМ
Ақтау қаласының маңында "Баку-Грозный" бағытындағы ұшақ апатқа ұшырады. Бұл ұшақ Azerbaijan Airlines авиакомпаниясына тиесілі, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Көлік министрлігінің мәліметінше, оқиға орнына төтенше жағдайлар министрлігінің жеке құрамының 52 адамы мен 11 бірлік техникасы барды. Олар келген кезде ұшақтың өртеніп жатқаны анықталды.
Құтқару бөлімшелері өртті сөндіруге кірісті. Қазіргі уақытта зардап шеккендер туралы ақпарат анықталуда.
Төтенше жағдайлар министрлігінің Басқару орталығында республикалық жедел штаб құрылып, ол жұмыс істейді.
Әзірбайжан тарапының алдын ала ақпараты бойынша бортта 62 жолаушы мен 5 экипаж мүшесі болған.
Алдын ала ақпаратқа сәйкес бортта 37 Әзірбайжан, 6 Қазақстан, 3 Қырғызстан, 16 РФ азаматы болған.
Ұқсас жаңалықтар
3 мамыр, 2026
Теңіз кенішінде істеген 30-ға жуық шетелдік ел аумағынан шығарылды
2 мамыр, 2026
Түркістан облысында көпір бұзылып, демалушылар өзеннің арғы бетінде қалып қойған
2 мамыр, 2026
Алматыда үш жасөспірім түнде таудан түсе алмай қалған
2 мамыр, 2026
Астанада абаттандыру ережелерін бұзған жүргізушілер жауапқа тартылды