Қасым-Жомарт Тоқаевты «Аваза» кешенінде Түрікменстан Президенті қарсы алды

Қасым-Жомарт Тоқаевты «Аваза» кешенінде Түрікменстан Президенті қарсы алды
Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия және Әзербайжан мемлекеттері басшыларының сегізінші Консультативтік кездесуіне қатысу үшін Түрікменстандағы «Аваза» кешеніне барды, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысын Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов қарсы алды. 

Орталық Азия және Әзербайжан мемлекеттері басшылары бірге суретке түсті.

Бұған дейін ҚР Президентінің жұмыс сапарымен Түрікменстанға барғанын хабарлаған едік.