Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстанға жұмыс сапары аясында Сердар Бердімұхамедовпен кездесті, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Мемлекет басшысы ықыласпен қарсы алып, қонақжайлық танытқаны үшін Түрікменстан Президентіне алғыс айтты. Сондай-ақ достыққа, тату көршілікке және өзара қолдауға негізделген қазақ-түрікмен қарым-қатынасының жоғары деңгейде екенін атап өтті.
Кездесуде тараптар ықпалдастықтың барлық бағытында оң динамика байқалатынына тоқталды.

Мемлекеттер басшылары бұған дейін қол жеткізілген уағдаластықтарды, сондай-ақ энергетика, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, көлік және басқа да салалардағы бірлескен перспективті жобаларды жүзеге асыру барысын талқылады.
Бұдан бөлек, мәдени-гуманитарлық байланыстарды кеңейтуге баса назар аударылды.
Сонымен қатар алдағы бірлескен іс-шаралар кестесі қарастырылды.
Еске сала кетейік, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев 2027 жылы «Орталық Азия – ізгі істер мекені» ұранымен жастардың волонтерлік форумын өткізуді ұсынды.