Қазақстан Ұлттық банкі «Қазақстанның жер қойнауы» сериясынан «Nb (ниобий)» коллекциялық монетасын таныстырды, деп хабарлайды Elordainfo.kz.
Коллекциялық монеталар 12 қазаннан бастап ҚҰБ kazcoins.nationalbank.kz интернет-дүкені арқылы сатылады.
Коллекциялық монета туралы
Ниобий – сирек кездесетін металл, атом нөмірі – 41. Ол металлургияда, электроникада, сондай-ақ аэроғарыш пен атом өнеркәсібінде қолданылады. Монета атауы ежелгі грек мифологиясының кейіпкері және Танталдың қызы Ниобаның есімімен аталады.
925 сынамалы күмістен жасалған монетаға ниобий орнатылған. Салмағы – 32,8 грамм (925 күмісінің салмағы – 31,1 грамм, ниобий элементінің салмағы – 1,7 грамм), диаметрі – 38,61 мм, дайындау сапасы – рrооf, номиналы – 1 000 теңгелік, таралымы – 1 000 (бір мың) дана.
Коллекциялық монеталар Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында өзінің белгіленген құнына сай төлемнің барлық түрі бойынша, сондай-ақ елдегі барлық банкте банк шотына есепке алуға, аударуға, ұсақтауға және айырбастауға жатады.
Монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалды.