Референдум-2026

97%-ы талапқа сай: республикалық жолдардағы жол белгілері тексеруден өтті

Бүгін, 10:49
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
97%-ы талапқа сай: республикалық жолдардағы жол белгілері тексеруден өтті
Фото: Көлік министрлігі

Жол активтері сапасының ұлттық орталығы республикалық маңызы бар автомобиль жолдарындағы жол белгілеріне ауқымды тексеру жүргізді, деп хабарлайды Elordainfo.kz Көлік министрлігіне сілтеме жасап. 

Тескеру барысында мамандар республикалық автомобиль жолдарының бүкіл желісін қамти отырып, 136 мыңнан астам жол белгісін тексерді. Нәтижесінде жол белгілерінің шамамен 97%-ы қолданыстағы нормативтік талаптарға сәйкес келетіні анықталды.

«Профилактикалық бақылау аясында назар аударуды қажет ететін шамамен 4,3 мың жағдай анықталды. Ескертулердің басым бөлігі жекелеген жол белгілерінің табиғи тозуына және техникалық жай-күйіне байланысты. Бұл — көлік қозғалысының қарқындылығы мен ауа райы жағдайларының әсерінен туындайтын қалыпты жағдай», - делінген хабарламада. 

Анықталған кемшіліктер қатарында кейбір жол белгілерінің бүлінуі мен тозуы, орнату талаптарынан ауытқулар, сондай-ақ ақпараттық құрылымдардың көрінуі мен оқылуын жақсарту қажеттілігі бар.

Бұдан бөлек, жекелеген учаскелерде жол белгілері мен шақырымдық көрсеткіштердің жетіспеуі, сондай-ақ кейбір элементтердің түнгі уақытта жақсы көрінуі үшін жарық шағылыстыру қасиеттерін күшейту қажеттілігі тіркелді.

Барлық анықталған ескертулер жедел шара қабылдау үшін «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ мен «ҚАЖсервис» ЖШС-не жолданды.

Жүргізіліп жатқан тексеру жұмыстары тұрақты әрі жүйелі түрде жүзеге асырылады. Бұл жұмыстар жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыруға, жол инфрақұрылымының сапасын жақсартуға және жол пайдаланушылары үшін қолайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыруға бағытталған.

Еске салайық, бұған дейін елдегі 140 мыңнан астам жол белгісі тексерілгені туралы жаздық.