25.07.25 - ерекше күн: елімізде 1 465 жұп некелесуге өтініш берді
25 шілде, 2025
фото: freepik.com
25.07.25 - ерекше күн. Бұл күні ел аумағында 1 465 жұп некеге тұруға ниет білдіріп, АХАТ бөлімдеріне өтініш тапсырған, деп хабарлады Elordainfo.kz «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Отбасылық өмірге қадам жасағысы келгендердің көшін Алматы қаласы бастады - мұнда 257 өтініш тіркелді. Астанада 225 жұп бел буды, үштікті 144 өтінішпен Қарағанды облысы түйіндеді.
Ал өмірдің жаңа кезеңіне бет бұрып, өз жолын жалғастыруды таңдаған 218 азамат неке бұзу туралы шешім қабылдады. Осылайша, бүгін АХАТ бөлімдеріне 109 неке бұзу туралы өтініш түсті.
Ұқсас жаңалықтар
28 маусым, 2026
«Айбын-2026»: Қазақстан құрамасы халықаралық санатта жеңіске жетті
28 маусым, 2026
Ел өңірлерінде әскери техниканың қозғалысы байқалуы мүмкін
27 маусым, 2026
Шомылу маусымы: ТЖМ тұрғындарға маңызды ескерту жасады
26 маусым, 2026
Ұлттық тестілеу орталығы ҰБТ сертификатын қолдан жасау қылмыстық жауапкершілікке әкелетінін ескертті