1 223 елді мекен су басу қаупі бар аймақта тұр – депутат
26 ақпан, 2025
Фото: ТЖМ
Мәжіліс депутаты, Amanat партиясы фракциясының мүшесі Нартай Сәрсенғалиев Премьер-министр Олжас Бектеновке су тасқынының алдын алу шараларын күшейту жөнінде депутаттық сауал жолдады, деп хабарлады Elordainfo.kz.
«Биыл елімізде 1 223 елді мекен су басу қаупі бар аймақта тұр. Мұны естіген елдің есі екеу, түсі төртеу болып жүр. Қазірдің өзінде Ресейден еліміздің батыс өңіріне су жоспардағыдан көп жіберіліп жатыр деген дерек бар. Демек тағы қолымызды мезгілінен кеш сермеп қалмау үшін қауіпсіздікті қазірден бастап күшейту керек. Әйтпесе тұтас елді тасқынның астына тастап, салдарын жою үшін бюджетті айналшықтап жүру жөн білетін адамның әрекеті емес»,– деді депутат.
Ұқсас жаңалықтар
26 маусым, 2026
30 маусымда Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтеді
26 маусым, 2026
Өзбекстанмен шекарадағы бірқатар өткізу пункттері тәулік бойы жұмыс режиміне көшеді - Мәжіліс
17 маусым, 2026
Ата заң азаматтардың күнделікті өмірімен тығыз байланысуы керек – депутат
17 маусым, 2026
Қазақстан мен Өзбекстан су ресурстарын басқаруда ынтымақтастықты күшейтеді