Майдангер қаламгерлердің шығармасы аудиокітап форматында шықты

30 сәуір, 2025
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Майдангер қаламгерлердің шығармасы аудиокітап форматында шықты
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігінен

Жеңістің 80 жылдығына орай Мәдениет және ақпарат министрлігі майдангер қаламгерлердің шығармасын аудиокітап форматында әзірледі, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Аудиокітаптар қатарына Бауыржан Момышұлының «Москва үшін шайқас», Әди Шәріповтің «Партизан қызы», Дихан Әбіловтің «Майданбек», Кемел Тоқаевтың «Солдат соғысқа кетті», Қасым Аманжоловтың «Ақын өлімі туралы аңыз», Тайыр Жароковтың «Зоя туралы жыр» және Тахауи Ахтановтың «Қаһарлы күндер», Әбу Сәрсенбаевтың «Ақша бұлт» атты еңбектері енді.

Сонымен қатар Әбдіжәміл Нұрпейісовтің «Күткен күн» және Қасым Қайсеновтің «Партизан соқпақтары» шығармаларының аудио-нұсқасы әзірленіп жатыр.

Аталған бастама майдангер қаламгерлердің ұлт руханиятына қосқан үлесін насихаттауға және жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беруге бағытталған.
Оқырман аудиокітаптарды Қазақстан Ұлттық электронды кітапханасынан тыңдай алады.

Кітаптарды М.Болатұлы, Қ.Ахметжанов, Ш.Үркімбаев, Б.Сабыр, Б.Сейітмамытұлы, Б.Бекмағамбетов сынды белгілі дикторлар дыбыстады.