Елорда жаңалықтары

12 желтоқсан, 2024
Астанадан Бурабайға жаңа туристік пойыз қатынайтын болады
13 желтоқсанда Астанадан еліміздің ең танымал курорттарының бірі – Бурабаймен байланыстыратын жаңа брендтелген пойыз салтанатты түрде іске қосылады, деп хабарлады Elordainfo.kz.

12 желтоқсан, 2024
Астанада демалыс күндері кезекті соғым FEST өтеді
Астанада 14-15 желтоқсан күндері Ақмола, Абай және Павлодар облыстарының фермерлері қатысатын кезекті соғым FEST өтеді, деп хабарлады Elordainfo.kz.

12 желтоқсан, 2024
Астанада қыс басталғалы бері миллион текше метрге жуық қар шығарылды
Астананың коммуналдық қызметтері аязға және қолайсыз ауа райына қарамастан, қаланы қар мен мұздан тазарту бойынша тәулік бойы үздіксіз жұмысын жалғастыруда. Олар күн сайын жүздеген жүк көліктерімен қар шығарады, деп хабарлады Elordainfo.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

12 желтоқсан, 2024
Қасым-Жомарт Тоқаев Валентина Матвиенкомен кездесті
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ресейдің Федералдық Жиналысы Федерация Кеңесінің төрағасы Валентина Матвиенкомен кездесті, деп хабарлады Elordainfo.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

12 желтоқсан, 2024
Елордада полиция күшейтілген режимде жұмыс істеуге көшті
Астана қаласының Полиция департаменті елорда көшелеріндегі және қоғамдық орындардағы құқықтық тәртіпті тиісті деңгейде қамтамасыз ету мақсатында осы жылдың 11 желтоқсаннан бастап «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасын бастады, деп хабарлады Elordainfo.kz.

12 желтоқсан, 2024
Астанада сырғанақтар мен мұз айдындары қай жерлерде ашылады
Қыс мезгілінде Астана тұрғындары мен қонақтарын көптеген ойын-сауық түрлері күтіп тұр: мұз айдындары, шағын архитектуралық нысандар, фотоаймақтар және тағы басқалар. Осындай 60-қа жуық орын қаланың 6 ауданында ашылады және қыс бойы жұмыс істейді деп жоспарланып отыр, деп хабарлады Elordainfo.kz қала...

12 желтоқсан, 2024
Астаналық құтқарушылар қала тұрғындарына үндеу жасады
«Қазгидромет» РМК деректері бойынша 12 желтоқсанда Астанада оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жел соғады, түнде және таңертең желдің екпіні 23 м/с дейін жетеді деп күтілуде, деп хабарлады Elordainfo.kz.

12 желтоқсан, 2024
Ерлан Каналимов мәслихатта қала тұрғындарын қабылдады
Бүгін қалалық мәслихаттың қоғамдық қабылдауында Астана қаласы мәслихатының төрағасы Ерлан Каналимов кезекті қабылдауын өткізді, деп хабарлады Elordainfo.kz.

12 желтоқсан, 2024
«Алға» фильмі Ирандағы спорттық фильмдер фестивалінде екі марапатқа ие болды
Иранда өткен 14-ші халықаралық спорттық фильмдер фестивалі Қазақстан кинематографиясы үшін маңызды оқиға болды. Айтулы шарада «Алға» фильмі екі марапатқа ие болды, деп хабарлады Elordainfo.kz ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

11 желтоқсан, 2024
Елдос Сметов «Жылдың үздік дзюдошысы» марапатына үміткер атанды
Халықаралық дзюдо федерациясы 2024 жылғы IJF Judo Awards марапатына үміткерлердің тізімін жариялады. Бұл марапат спорттық маусымның қорытындысын жасады, деп хабарлады Elordainfo.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

11 желтоқсан, 2024
Елордада I «Өркен» қалалық байқауы өтті
«Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы №111 орта мектебінде қалалық білім беру мекемелерінің 8-10 сынып оқушылары арасында І «Өркен» қалалық байқауын өткізді, деп хабарлады Elordainfo.kz.

11 желтоқсан, 2024
Елордада ҚХА ғылыми-сараптамалық тобының отырысы өтті
Достық үйінде Астана қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы ғылыми-сараптамалық тобының отырысы өтті, деп хабарлады Elordainfo.kz.

11 желтоқсан, 2024
Астанада Қалибек Қуанышбаев театрының маңында сенбілік өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында айтылған «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Қалибек Қуанышбаев театрының алдындағы Мұхтар Әуезов ескерткішінің жанында сенбілік өтті, деп хабарлады Elordainfo.kz.

11 желтоқсан, 2024
Елордада есірткіге қарсы күрес туралы драма сахналанды
Астана қаласы М. Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театрында нашақорлықтың алдын алуға және есірткі қылмысына қарсы іс-қимылға арналған «Независимые» деректі драмасы көрермен назарына ұсынылды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

11 желтоқсан, 2024
Жеңіс Қасымбек Астананың даму жоспары туралы баяндады
Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек мәслихат депутаттарына қаланың алдағы жылдардағы даму жоспары туралы баяндады. Бұл туралы елордалық мәслихат төрағасы Ерлан Каналимов мәлімдеді, деп хабарлады Elordainfo.kz.

11 желтоқсан, 2024
Ерлан Каналимов: Сессияда мәслихат депутаттарын сайлау қорытындылары жарияланды
Бұл туралы Астана қаласы мәслихатының төрағасы Ерлан Каналимов өзінің Facebook-тегі парақшасында жазды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

11 желтоқсан, 2024
Астаналық сегіз жасар оқушы шахматтан Азия чемпионы атанды
Астанадағы №86 мектеп-гимназиясының 2-сынып оқушысы Әбдіқайым Мұхаммедғали шахматтан Таиландта өткен Азия чемпионатында алтын медальға ие болды, деп хабарлады Elordainfo.kz қалалық Білім басқармасына сілтеме жасап.

11 желтоқсан, 2024
Елордада қар күреуге 2,7 мыңнан астам жұмысшы жұмылдырылды
Күн сайын коммуналдық қызметтер Астанадан мыңдаған текше метр қар шығарады. Бұл жұмыс тәулік бойы ауысымдық режимде жүргізілуде, деп хабарлады Elordainfo.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.