Жеті білім беру нысанының құрылысы жүріп жатыр – «Сарайшық» ауданы әкімі

Фото: Оңалхан Өнерхан
Бұл туралы елорда әкімі Жеңіс Қасымбектің «Сарайшық» ауданы тұрғындарының есептік кездесуінде аудан әкімі Мақсат Саматұлы айтты, деп хабарлады Elordainfo.kz.
«Ауданда 17 мемлекеттік және 2 жекеменшік мектеп жұмыс істейді. Онда 40 мыңнан астам оқушы оқиды. Биыл «Сарайшық» ауданы аумағында бір ауысымда 7 мың орынға арналған 7 білім беру нысанының құрылысы жүруде. Одан басқа биыл тұрғын үй алаптарының тұрғындары үшін «Отау» шағын ауданында емхана салуды бастадық. 20 мыңнан астам адам тұратын «Интернациональный», «Мичурино» тұрғын алаптарына орталық сумен жабдықтауды қосуды аяқтау жоспарлануда», - деді «Сарайшық» ауданының әкімі.
Ұқсас жаңалықтар

Бүгін, 16:37
Астанада ауқымды Orta Fest экофестивалі өтеді

Бүгін, 14:47
Конституцияға – 30 жыл: Астанада халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

Бүгін, 13:37
Елордада он жеті автобустың қозғалыс бағыты өзгерді

Бүгін, 09:38
Астанада мерзімді әскери қызметін аяқтаған сарбаздарға білім гранты табысталды