Жеңіс Қасымбек: 7 мамыр – ерлік пен намыстың мерекесі


Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Отан қорғаушы күні мерекесімен құттықтады, деп хабарлады Elordainfo.kz.
«7 мамыр – мақтаныш, құрмет пен алғыс сезіміне толы ерекше күн. Бұл күні біз Отанымыздың тәуелсіздігі мен қауіпсіздігінің күзетінде тұрған жандарға құрмет көрсетеміз.
Бұл – ерлік пен намыстың, борышқа деген адалдықтың мерекесі. Бұл – әскери форма киген, киіп жүрген, кез келген сәтте Отанын, отбасын және ел тыныштығын қорғауға әзір жандарға арналған күн.
Елордалық гарнизон, әскери бөлімдеріміз, курсанттар мен офицерлер елдің қорғаныс қабілетін нығайтуға зор үлес қосып жүр. Қарулы Күштердің ардагерлеріне, еліміздің абыройын қорғаған жауынгерлерге ерекше алғысымызды білдіреміз. Сіздердің ерліктеріңіз – болашақ ұрпақ үшін мәңгілік өнеге, нағыз үлгі.
Сіздерге және жақындарыңызға мықты денсаулық, бақыт пен амандық тілеймін!» - деп жазылған құттықтауда.



