00:00
Астана -10oC
Іздеу RU

Елорданың Сарыарқа ауданында 43 заңсыз қоқыс орны жойылды

18 желтоқсан, 2024
Зарина Сәрсенбайқызы Зарина Сәрсенбайқызы
Елорданың Сарыарқа ауданында 43 заңсыз қоқыс орны жойылды
фото: Астана қаласы әкімдігі

Сарыарқа ауданында рұқсатсыз қоқыс үйінділерін анықтау және жою жұмыстары белсенді жүргізіліп жатыр, деп хабарлады Elordainfo.kz  аудан әкімдігіне сілтеме жасап. 

Аудан әкімдігінің мәліметінше, «Таза Астана» экоакциясы аясында Көктал көшесінде орналасқан рұқсатсыз қоқыс орнынан 600 тонна қоқыс шығарылған.

Жыл басынан бері аудан аумағында 43 рұқсатсыз қоқыс орны жойылып, 37 мың тоннадан астам қоқыс шығарылды. Сондай-ақ, абаттандыру ережелерін бұзғаны үшін 3846 жеке және заңды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

«Ірі көлемді және құрылыс қоқыстарын шығару Алаш тас жолының бойында орналасқан экополигонға жүзеге асырылуы тиіс. Абаттандыру ережелерін бұзу Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 505-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке әкеледі. Жеке тұлғалар үшін 20 АЕК, ал заңды тұлғалар үшін 30-дан 100 АЕК-ке дейін айыппұл қарастырылған»,- деп жазылған хабарламада.