Референдумға шығарылған мәселе бойынша оң шешім қабылданды

Фото: Оңалхан Өнерхан
ҚР Орталық референдум комиссиясы республикалық референдумның нәтижелерін белгіледі, деп хабарлады Elordainfo.kz ORTSAILAUKOM-ға сілтеме жасап.
«Алынған мәліметтерге сәйкес, референдумға қатысуға құқығы бар Қазақстан Республикасы азаматтарының жалпы саны 12 миллион 284 мың 487 адамды құрады.
Дауыс беруге қатысқан азаматтардың саны 7 миллион 820 мың 204 адамды немесе референдумға қатысуға құқығы бар азаматтар санының 63,66%-н құрады.
Референдумға шығарылған мәселені оң шешуге дауыс берген азаматтардың саны 5 миллион 561 мың 937 адамды немесе 71,12% құрады», - делінген хабрламада.
Осылайша, референдум өтті деп саналады.
Референдумға шығарылған мәселе бойынша оң шешім қабылданды.
Ұқсас жаңалықтар

Бүгін, 16:29
Қазақстан дінаралық және мәдениетаралық диалогты толық қолдайды

Бүгін, 15:43
Астанада азық-түлік бағасын тұрақтандыру жұмысы қалай жүріп жатыр

Бүгін, 15:07
Астанада Бейбітшілік пен келісім саябағы ашылды

Бүгін, 13:04
Астанада өтетін жәрмеңкеге екі облыстың тауар өндірушілері 400 тонна өнім әкеледі