Қор нарығында теңге нығая түсті
Қазақстан қор биржасында (KASE) 2025 жылғы 24 қаңтарда сағат 15:30-да шетел валюталарымен күндізгі сауда-саттық жабылды, деп хабарлайды Elordainfo.kz.
Сауда-саттықтың қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 4,35 теңгеге төмендеп, 517,84 теңге болды.
Таңғы сауданың қорытындысы бойынша юань бағамы 71,60 теңге болды.
Ақша айырбастау орындарында доллар 519,5-522,5 теңге, еуро 543-548 теңге, рубль 5,15-5,27 теңге аралығында сатылуда.
24 қаңтардағы сауда барысында әлемдік мұнай бағасы көтерілді.
Осылайша, ICE Futures электрондық саудасында наурыздағы Brent фьючерстерінің құны 0,05%-ға өсіп, барреліне $78,33 құрады.
NYMEX электрондық саудасында WTI маркалы мұнайдың наурыздағы фьючерстері 0,07%-ға өсіп, барреліне 74,67 долларды құрады.
Еске салсақ, Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 522 – 527 теңгеден саудаланған еді.
Ұлттық банк таңертең доллар бағамын 522,42 теңге, еуроны 543,89 теңге, рубльді 5,28 теңге деп белгіледі.